Hoвости
Бүгін Алматыда «Өз бизнесіңді баста» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Конкурсты ұйымдастырушы «Сәби» қайырымдылық қоры мен «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, Singulariteam қорының басқарушы серіктесі Кеңес Рақышев жеңімпаздарға ақшалай гранттар табыстады.
Биылғы конкурстың басты жаңалығы — грант көлемі бастапқыда хабарланған 50 00 доллардан 250 000 долларға арттырылуы болды. Өткен жылдың қараша айында басталған жобаға 1000 өтініш келіп түскен. Оның 25-і грантқа үміткер болған.
Конкурс қорытындысы бойынша 100 мың долларлық басты жүлде Алматылық Еркебұлан Жантілеу мен Рүстем Сауруков ұсынған медициналық жаттығу жабдықтарын шығару мен Көкшетау қаласынан ұсынылған жылу трассалары үшін құбыр шығару жобасына бөлініп берілді.
25 мың долларға 5 үміткер ие болды:
1. Кuntech –геллиоколлекторларды шығару, Астана қ.
2. «Теплая» дизайн студиясы, шеберханасы, Алматы қ.
3. «ESCO» жылусақтау жүйелері, Алматы
4. Әрбір адамға нан жобасы, Қапшағай қ.
- «Көже» ұлттық сусынын шығару жобасы, Алматы қ.
Сондай-ақ, «SAR» тестілеу қорытындысын сараптау жүйесі жобасына 25 мың доллар көлеміндегі ынталандыру сыйлығы берілді.
Осылайша, жалпы саны екі 50 мың долларлық, алты 25 мың долларлық, барлығы 8 грант жас кәсіпкерлерге табыс етілді. Сондай-ақ, «Сәби» қоры 6 жобаға қаржылай емес қолдау көрсететін болды. Оның ішінде 2 жобаның жалға алып отырған ғимаратының жалақысын 1 жыл бойы төлейтін болды. 4 жобаға жарнамалық қолдау, жобаны дамыту бойынша қолдау көрсетілетін болды.
Конкурсты ұйымдастырушылардың сөзінше стартап жобалардың сапасы жақсы болғандықтан, жеңімпаздарды таңдау қиын болған.
«Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, жобаның қолдаушысы Вячеслав Кимнің айтуынша бизнесін дамытуды қалайтын жастар қатары көп. «Мен өзім кәсіпкер болғандықтан бизнесін дамытуды көздейтін жастардың барына қуанамын. Мемлекет бізге еш нәрсе қарыз емес. Жастар өздерінің жеке салымын құруы керек. Егер «Өз бизнесіңді қалыптастыр» жобасы жалғаса беретін болса елімізден мықты кәсіпкерлер шығады», — деді ол.
Жоба аясында 50 мың доллар грантты иеленгендердің бірі — «S-Med» медициналық жаттықтығу құралдарын шығарушы компаниясының негізін қалаған Еркебұлан Жантілеу мен Рүстем Сауруков бар. Бір жыл ішінде 14 медициналық жаттығу заттарын жасап шығарған Еркебұлан мен Жантілеу алдағы уақытта осы жобаны одан әрі дамытуды қолға алмақ. Олардың сөзінше, медицина саласында арнайы жатықтыру заттарын шетелден сатып алу тиімсіз. Сондықтан Қазақстанда сол заттарды өндіретін компания болса, медицинаға тиімді болатынын айтады.
«Бұл жоба біздің елде қажет. Осы себепті біз медициналық жаттығу заттарын көптеп өндіруді қолға алудамыз. Өндіріс көлемі артқан сайын баға да арзандай түседі. Бүгінгі грант жобаны дамытуға көп көмегін тигізеді», — деді жобаның негізін салушы Рүстем Сауруков.